"Инна лиллаһи уа инна илайһи рожиун"
😥
( Ғибратты оқиға)
Менің бір досым бар еді. Досым өз - өзіне қатты қарайтын. Киімдерін өзі үтіктеп, үнемі ақ түсті киімдер киетін, "модада" не бар, сомен жүретін. Бір жерге барса, кем дегенде жарты сағат, не болмаса бір сағат дайындалатын. Күндердің бір күні Ислам жүрегіме кіріп, Раббымды таныдым. Жүрегім Исламнан тыныш тапқан соң, әлгі досымды да ақиқатқа шақыруға ниеттендім... Ертеңгі күн - Күндердің ұлысы Жұма болған соң, ертең таңертең кіріп шығармын дедім . Келесі күн де арайлап атқан еді. Жұманың сүннетерін орындап бола сала досымның үйіне жол алдым. Уйіне кірсем анасы ұйықтап жатқанын айтты. Тәтті ұйқысынан оятып, менімен бірге мешітке баруын өтіндім. Досым ұйқысын қимады ма, әлде сылтау ма, жауабы былай болды:
- Досым сен өзің бара бер, мен мешітке ешқашан бара алмаймын. Мені білесің ғой, мен ақ түсті киімдерді киетінімді, киімдерімнің бәрін үтіктеп киетінімді, шаш үлгіме де қараймын... Мешітке барған соң намаз оқу керек, намаз оқығанда менің ақ киімім кір болады, қыры бұзылады, тақиядан шашым бұзылады - деді. Жарайды бұйыртса бір күні барарсың деп, Жұмаға асықтым. Арадан біраз уақыт өтті... Жұмыстан босанған кездерді мешітте өткізетін едім. Сондай күндердің бірінде мешітке барсам, сол баяғы досым мешітке келіпті... Сол баяғы аппақ киімімен, еш өзгеріс жоқ... Мешітке келгені былай тұрсын, саптың ең алдынан орын алыпты... Ешқашан мешітке бармаймын деген досымды адамдар көтеріп әкелген екен... Ешқандай қимылсыз жатыр. Себебі ол - ТАБЫТ деп аталатын орында жатқан еді...
Ешкім, ешқашан мешітке бармаймын демесін, түптің түбі келуіңіз хақ! Егер өз аяқтарыңызбен келмесеңіз, сізді жаңағы кейіпкер секілді көтеріп әкеледі... Қасиетті Құран Кәрімде: Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді.(Бақара сүресі, 156 аят)
Осы орайда орыс жазушысы А. С. Пушкиннің мына керемет сөзін айта кетуді жөн көрдім: "Сізге намаз (Жаназа намазы) оқымай тұрып, намаз оқыңыз"
P/s: Сіз мешітке тігінен(вертикально) жүріп келмесеңіз, онда көлденеңінен (горизонтально) жатқызып әкеледі.
Ендеше сізге мешітке келіп НАМАЗ оқуға не кедергі?! Қонаққа барғанда бос барудан ұяласыз да, Жаратушыға бос барудан ұялмайсыз ба?!